jasqazaq.kz

31 қазанда барлық өңірде «Халық заңгері» акциясы өтеді.

30 қазан 2025, 15:31

 

31 қазан күні еліміздің барлық өңірінде «Халық заңгері» акциясы өтеді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Таңертеңнен кешке дейін әр аймақтағы үздік заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері құқықтық көмекке мұқтаж азаматтарға тегін кеңес береді.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауатын арттыру және азаматтардың нақты мәселелерін шешуге көмектесу. Кеңестер кредиттік қарыздар мен алименттерден бастап, жер, тұрғын үй және мұра дауларына дейінгі түрлі тақырыптарды қамтиды.
Акция кезінде азаматтық, отбасылық, еңбек, салық, тұрғын үй және жер қатынастары, атқарушылық іс жүргізу, зейнетақы, нотариат, сондай-ақ қылмыстық және зияткерлік меншік салалары бойынша сұрақтар қаралады.
Іс-шараны Бас прокуратура, Әділет министрлігі және Республикалық адвокаттар алқасы ұйымдастырады. 2016 жылдан бері бұл акция арқылы 300 мыңнан астам адам тегін құқықтық көмек алған.
Өтетін орындар мен уақыт туралы толық ақпаратты https://lp.prg.kz/narod-jur-2025-october/ сайтынан білуге болады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді