28 грамм есірткі үшін 15 жылға сотталуы мүмкін

09 тамыз 2023, 15:13

Павлодар облысы ПД-ның есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарамасының қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына себепкер болушы 18 жастағы жұмыс істемейтін күдікті азаматты ұстады.

Күдіктіні жеке тексеру кезінде полиция қызметкерлері салмағы 28 грамм болатын 40 түйіншекті тәркіледі.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам қамауға алынды. Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз) деп есептеледі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады