jasqazaq.kz

27 миллион гектар жайылымдық жер жарамсыз

12 қазан 2016, 14:34

80db0df8d92b90e979119316bd44c435_xl

Елімізде 27 млн  гектар жайылымдық жер деградацияға ұшыраған.

Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстырған депутат Жексенбай Дүйсебаев мәлім етті.

Депуат өз сөзінде халқымыздың 45 пайыздан астамын құрап отырған ауыл тұрғындарын көптен бері 187 млн  гектар жайылымдық алқабымыздың осы күнге дейін орынды пайдаланылмай, мәселенің түбегейлі шешілмей келгендігі алаңдатып отырғанын баса айтты.

«Осыған байланысты сіздердің назарларыңызға әріптестеріміз дайындаған «Жайылымдар туралы» Заң жобасын ұсынып отырмыз.  Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығына тиесілі жер ресурстарының 70 пайызы мал бағатын жердің үлесінде. Яғни  1 малдың шартты басына шаққанда 20 гектар жер көлемі бар деген сөз. Бұл дегеніңіз – болашақта индустриалық-инновациялық дамыған, алдыңғы қатарлы аграрлық мемлекет болуға, біздің толық мүмкіндігіміз бар екендігіне көз жеткізуге болады»,  – деді ол.

Сонымен қатар ол іс жүзінде кең-байтақ жеріміздің 43 пайызы немесе 80  млн  гектары ғана қолданыстағы жайылымдарға тиесілі болып отырғандығын, яғни мал басына шаққанда орта есеппен 2-3 гектардан аспайтынын баса айтты.

«Кейбір аймақтарда мұнан да кем. Норма бойынша 5 гектардан аз болмауы тиіс. Нәтижесінде 27 млн гектар жайылымдық жер деградацияға ұшырап және бұл көлем жылдан жылға ұлғаю үстінде. Осындай жағдайдардың қалыптасуының басты себептері: Біріншіден, 100 млн гектар жайылымдық алқап осы күнге дейін айналымға енбей, дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға өзінің толыққанды үлесін қоспай келеді. Екіншіден, ауылдардың төрт түлік  малының басым көпшілігі  немесе 70  пайызы тек қана ауыл маңына жақын жерлерге шоғырланған. Үшіншіден, шалғайдағы жайылымдарды суландыру мәселесі  толығымен шешілмеген. Инфрақұрылым желілері дамымаған. Төртіншіден, мал басының басым бөлігі ұсақ немесе қосалқы шаруашылықтарда болғандықтан, мал иелері экономикалық факторларға байланысты малдарын шалғайдағы жерлерге немесе жаздық жайылымдарға шығаруға мүмкіндіктері жоқ. Бесіншіден, ауылдық округтердің қарауындағы, яғни акционерлік қоғамдарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, шаруашылық қожалықтарына, орман су шарушалықтарына тиесілі кейбір жайылымдық жерлер заң жүзінде реттелмегендіктен, бұл жерлер толық пайдалануға енгізілмей, нәтижесін бермей отыр»,  – деді Ж.Дүйсебаев.

ҚазАқпарат

 

 

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті