240 адамның 1,2 миллиард теңгесін жымқырған адам ұсталды (Видео)

12 қазан 2023, 16:59

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Украинада ұсталған «Lider» қаржы пирамидасының басшысы Қазақстанға жеткізілді. Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы мәлімдеді. Украина Бас прокурорының кеңсесі «Lider» қаржы пирамидасын басқарды деген айыппен іздеу салынған күдіктіні ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырған.

Оған 2017-2019 жылдар аралығында жалған жобаларға азаматтардың ақшалай салымдарын тартудың заңсыз схемасын ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

Салдарынан 240-тан астам азамат алданып, 1,2 миллиард теңгесінен қағылған.

Күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, кейін оған халықаралық іздеуге жарияланған.

«2023 жылдың тамыз айында күдіктіні Украинаның құқық қорғау органдары ұстады.

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыстарды жасағаны үшін оған 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», — делінген Бас прокуратура мәліметінде.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді