21 жастағы қыз Қапшағайға батып кетті

10 тамыз 2023, 19:29

Алматы облысында 2002 жылғы қыз суға түсуге рұқсат етілмеген жерде түнде шомылып жүріп батып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Ведомство мәліметінше, қайғылы жағдай Қапшағай су қоймасында болды.
«Бір топ жас «Пионер» демалыс аймағының маңында суға түсуге арналмаған жерде демалған. Жастар мас күйінде суға түскен. Өз күшін асыра бағалаған бойжеткен тереңге дейін жүзіп барып, суға батып кетті», — деп хабарлады Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметінен.
Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қауіпсіздік ережелерін бұзған 5 азамат «Әкімшілік жауапкершілік туралы» ҚР Кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылғанын айтты.
Мамандар ескертулер мен тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде суға түсуге, сондай-ақ жабдықталмаған, бейтаныс жерде суға түсуге қатаң тыйым салынатынын ескертеді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады