jasqazaq.kz

Айдарбек Қожаназаров: Конституциялық реформа жас буынға бағдарланған және экономиканы, дамытуға жағдай жасайды

26 қантар, 17:53

2026 жылғы 26 қаңтарда өткен Конституциялық комиссияның үшінші отырысында Айдарбек Қожаназаров мемлекеттің тиімділігін арттыру мен азаматтардың мүдделерін қорғау үшін конституциялық өзгерістердің маңызын атап өтті.
«Respublica» партиясы атынан сөз сөйлеген депутат реформаларды толықтай қолдайтынын мәлімдеп, институттарды нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету және нормативтік иерархияның айқындығы мемлекеттік тиімділік пен биліктің орнықтылығына жағдай жасайтынын атап өтті.
«Экономика институттар нығайған, құқық үстемдігі орнаған, нормативтік иерархия айқын болған жерде және мемлекеттік басқару мәдениеті ережелер мен рәсімдерге негізделген жағдайда дамиды», – деп атап өтті Қожаназаров.
Ол 2019 жылдан бері елде институционалдық кемелдікке бағытталған жүйелі өзгерістер жүзеге асырылып келе жатқанын еске салды: саяси жүйе жаңғыртылды, саяси қатысу тетіктері күшейтілді, партиялар мен азаматтық қоғамның рөлі артты. Конституциялық реформа осы үдерістердің заңды жалғасына айналды.
«Конституциялық реформа – бұл ел дамуының алдын ала белгіленген бағытының қисынды жалғасы. Оның негізділігі мемлекеттік жүйедегі сенімнің, жауапкершіліктің және жеделдіктің артуынан көрінеді», – деді депутат.
Қожаназаров сондай-ақ қоғамдық диалогтың және Халық кеңесі тетігінің азаматтар мен билік арасындағы тұрақты кері байланыс алаңы ретіндегі рөлін атап өтті. Оның айтуынша, реформа жас буынға бағдарланған және экономиканы, кәсіпкерлікті, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасайды.
«Әрқайсымыздың елдегі өзгерістерді талқылауға, маңызды қоғамдық мәселелер бойынша пікір айтуға және қабылданатын шешімдерге үн қосуға мүмкіндігіміз бар екенін жоғары бағалаймыз. Әділетті Қазақстанды құру – баршамызға ортақ жауапкершілік» – деп түйіндеді Қожаназаров.

JQ-Aqparat

Сурет: Конституциялық сот

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк