jasqazaq.kz

200 мыңға жуық медициналық қызмет көрсетілді

29 қараша 2017, 12:12

Биыл Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғындарына  199 575 медициналық қызмет көрсетілген. Бұл туралы Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Ержан  Жұматұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында хабарлады.

Әкімнің мәліметінше, ауданда 11 денсаулық сақтау мекемесінде 3 мыңға жуық медицина қызметкерлері жұмыс істейді. 2017 жылдың желтоқсанында №5 қалалық клиникалық ауруханасының жаңа 4 қабатты ғимаратының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.

Денсаулық сақтау сапасын арттыру, балалар және ана өлімін азайту бойынша көрсеткіш айтарлықтай жақсарды.

Туберкулез ауруымен ауыру және туберкулезден қайтыс болу көресткіші төмендеді. Аудан денсаулық сақтау саласының негізгі 16 көресткіші бойынша қала көлемінде 5-ші жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп келеді.

Жыл басынан бері аудандық емханалар арқылы 199 575 адамға қызмет көрсетілді. Ал келушілердің жалпы саны – 1 089416 адамды құрады. Соның ішінде, «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметі 116 049 тұрғынға, «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызметі 50 933 адамға көрсетілді.

Жедел жәрдемге кешігу көрсекіші 2016 жылы 265-тен 2017 жылы 178-ге төмендеді.

Жыл соңына дейін 9 денсаулық сақтау мекемесі аумағы жанына жаяу жүргіншілерге арналған жол жасалып, арнайы жолға арнайы шектеу белгілері қойылады. Қалдаяқов — Қарасай батыр көшелері қилысында денсаулық сақтау мамандарының аллеясы ашылды. Аталған аллеяға 50-ден аса ағаштар отырғызылып отыратын орындықтар қойылды.

Сонымен қатар, Алматы облысы аумағынан біздің ауданымызға қосылғалы бері № 5 қалалық клиникалық емхананың қаралушылардың  саны  23 %  артты. Осыған байланысты, емхана ғимаратында ауруларды қабылдауға  орын жетіспеді. Осыған орай, Көлсай ықшам ауданында фельдшерлік амбулаторлық пунк (ФАП) салыну жоспарлануда. ФАП құрылысы аяқталып, ашылғаннан кейін, Көлсай елдімекенінің тұрғындарына алғашқы көмек пен медициналық   көмек  ықшамауданында көрсетіледі.

 

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда