jasqazaq.kz

2 күн 2 мың адам 120 миллион теңге қаражат

07 ақпан 2020, 11:26

Еліміз бойынша әкім-қаралар мен басқа да құзырлы орындардың басшылары жылды қорытындылап, халық пен билік орындары алдында өз есептерін беруде. Алайда түрлі деңгейдегі әкімдер мен министрлер осы басқосуды қалай өткізіп жүр? Ұйымдастыру жағы қалай? Жаттандылықтан арыла алдық па? Осындай сұрақтар қарапайым тұрғындарды да толғандырары сөзсіз. Біз осы орайда Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлының пікірін білген едік.

Жалпы әр түрлі деңгейдегі әкімдер мен министрлердің алқалық есептерінің форматтарын мүлдем өзгерту керек. Әкімдер мен министрлердің жалаң құрғақ есептері мен толып жатқан қасаң цифрлары, алдын ала дайындап қойған сөйлеуші азаматтар мен сұрақ қоюшылары, сала бойынша кемшін мәселелер, оны шешудің жолдары аз айтылады. Көзбояушылық пен формализм көп.
Өткен аптада екі министрліктің алқасына бір топ әріптестермен қатыстым. Өңірлерден кемінде екі мыңдай мамандар шақырылғанын көрдік. Бірақ шалғай ауылдардағы, аудандардағы мәселелер туралы келген адамдардың пікірін ести алмадық. Ал онда қордаланған дүние бастан асады. Тек министрлер мен оның орынбасарлары күнделікті айтылып жүрген жайларды тізбелеп айтып бергендей әсер қалдырды. Мұндай жиналыстан қандай тиімділік күтуге болады? Қатысқан әріптестерім де осы пікірде болды.
Тек екі министрлік бойынша екі мың адамның Нұр-Сұлтан қаласына екі күнге іссапармен келіп кетуі кемінде тәулігіне әрқайсысы 60 000 мыңнан деп есептесек, екі күнге екі мың адамға 120 миллион теңге қаражат шығады екен. Қаржы тапшылығы жағдайында осы қажет пе? Онлайн жүйесінде жасауға да болады ғой. Президентіміз «керексіз шығынды азайтыңдар» деп үнемі айтумен келеді. Өкінішке қарай, тыңдар құлақ жоқ сияқты.

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды