jasqazaq.kz

18-миллионыншы тұрғын 3 бөлмелі пәтерге ие болды

30 қараша 2017, 18:13

Талдықорғанда еліміздің 18-миллионыншы тұрғыны Муслима Саматқызының отбасы мереке алдында қоныс тойын тойлады. Коммуналды үйдегі үш бөлмелі пәтердің кілтін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тапсырды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

18-миллионыншы тұрғынмен бірге 100-ден аса талдықорғандық қоныс тойын тойлады. 55 пәтер коммуналды үйден және 64 пәтер қаланың оңтүстік-батысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйден берілді.

Тұрғындарды облыс әкімі Амандық Баталов қуанышымен құттықтады.
— Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықты қолжетімді баспанамен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгін, Тұңғыш президент күні қарсаңында жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты жағдайда тапсырып жатқаныма қуаныштымын. Сіздерді осы қуанышты сәттеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Отбаслыарыңызға береке-бірлік, татулық пен амандық тілеймін, — деді А.Баталов.

Жаңадан қоныстанушылардың арасында еліміздің 18-миллионыншы тұрғыны Муслима Саматқызының ата-анасы Самат Бестібаев пен Диана Омарханова да болды.

sputniknews.kz

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда