16 мың әке алименттен қашып жүр

19 қыркүйек 2023, 15:12

Алматыда алимент төлеуден жалтарып жүрген 16 мыңнан астам борышкер бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында қалалық әділет департаментінің бөлім басшысы Әнуар Жексеков айтты.

«Қазіргі уақытта Алматы қаласы сот орындаушыларының орындауында алимент өндіріп алу жөніндегі 16 мыңнан астам іс бар. Оның 60%-дан астамы мерзімді өндіріп алу барысында», — дейді спикер.

Айтуынша, осы жылы 78 борышкер әкімшілік, 4 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, сот орындаушыларының 4 ұсынысы анықтау органдарының қарауында.

«Борышкерлер 50 млн теңгеден астам берешек төледі», — деді Әнуар Жексеков.

Сондай –ақ ол биыл сот орындаушылар берешекті өтеу есебінен 3 жылжымайтын мүлік, 7 жылжымалы мүлік сатты, сол арқылы 20 млн теңгеден астам берешек өтелгенін жеткізді.

«Сонымен қатар, биыл алимент өндіруге әрекет етпеген 8 жеке сот орындаушысын лицензиясынан айыру туралы ұсыныс жіберілді, 4 сот орындаушысы лицензиядан айырылды, төртеуі сот қарауында», — деп атап өтті департамент өкілі.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді