44 жыл құжатсыз жүрген

04 қазан 2023, 13:11

Абай облысында 44 жылдан бері құжатсыз жүрген тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды.

Polisia.kz. хабарлағандай, Көкпекті ауданының полиция бөліміне 44 жылдан құжатсыз өмір сүріп жүрген 62 жастағы тұрғын жүгінді. Ол аудан орталығынан алыс мекенде тұратындықтан, сондай-ақ аса қажеттілік болмағандықтан жеке басын куәландыратын құжаттарын алмаған. Ұзақ жыл бойы ол кеңестік қызыл паспортпен өмір сүрген, 90-жылдары полицияға жүгініп, рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізімін алған. Қажетті анықтамаларды жинап жатқанда, төлқұжатын да жоғалтқан. Биыл әйел зейнеткерлікке шығуы керек болғандықтан, қайтадан полицияға хабарласып, қысқа мерзімде жеке куәлік алды. Полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының қызметкерлері оған жеке басын куәландыратын құжатты рәсімдеуге көмектесті. Енді аудан тұрғыны әлеуметтік және медициналық қызметтерді еш қиындықсыз ала алады.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді