jasqazaq.kz

15 жастағы қызды алып қашып, зорлап тастаған

12 қараша 2019, 17:31

Түркістан облысында жас жігіт оқушы қызды алып қашып, артынша зорлап тастаған. Оқиғаға қатысты сот отырысы өтіп, жігіт кінәлі деп танылды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Басылым мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз сабақтан кейін үйіне қайтып оралмаған. Ата-анасы бірден оны іздеуге кіріскен. Олар таныстары мен көршілерінен сұрастырғаннан кейін, қыздарын алып қашқан болуы мүмкін екенін анықтапты.

Кездейсоқ куәгерлер жас жігіттердің қызды көлікке күштеп отырғызып, көрші ауыл жаққа алып кеткенін көрген. Ата-анасы түн болғанына қарамастан, бірден көрші ауылға аттанады. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін алып қашып кетті деп күдіктелген жігіттің үйін тауыпты. Расымен де, қыздары сол үйде болып шыққан. Алайда анықталғандай, жігіт оқушы қызбен төсек қатынасына түсіп үлгерген екен.

22 жастағы жігіт пен оның туыстары жәбірленуші тарапқа үйленуге ниетті екенін, қызды сол мақсатта алып қашқанын айтқан. Алайда 15 жастағы қыздың ата-анасы бұған қарсы болыпты. Олар бірден полицияға шағымданып, қыздарының зорланғанын айтқан.

Оқиғадан кейін полиция Қылмыстық кодекстің «Көрінеу кәмелетке толмаған тұлғаны зорлау» бабы бойынша іс қозғады. Жас жігіт тұтқындалды.

Сотта жәбірленуші тарап мәселені бейбіт жолмен шешу туралы ұсыныстардан бас тартып, айыпталушыны толықтай жауаптылыққа тартуды талап етті.

Сот 22 жастағы жігітті кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке