Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды әлемде қарқын алып жатқан жаңа киберқауіп туралы ескертеді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Бас прокуратураның Телеграм-каналында жазылғандай, шетелдік дереккөздерге сәйкес («Department of Motor Vehicles» (АҚШ) https://www.dmv.ca.gov/portal/dmv-scam-alert/, «Комсомольская правда» https://www.yar.kp.ru/online/news/6556683/?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Fby%2Fstory%2F3850f569-3ebd-5b7d-88a2-cdfeb21a5838, «Аргументы и Факты» https://yar.aif.ru/incidents/kriminal/v-yaroslavskoy-oblasti-moshenniki-prisylayut-feykovye-shtrafy-za-narushenie-pdd?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Fby%2Fstory%2F3850f569-3ebd-5b7d-88a2-cdfeb21a5838)зиянкестер жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалған қаулыларды жаппай жіберіп жатыр. Хаттар мен хабарламалар электрондық пошта мен мессенджерлерге жіберіледі. Жүргізуші, көлік нөмірі туралы деректерді және «айыппұл төлеуге» сілтемені қамтиды.
Бас прокуратура мұның фишингтік шабуыл екенін ескетеді. Банк картасының деректерін енгізген адамның шотына толық қол жеткізіледі және барлық қаражатты ұрлау мүмкіндігі туындайды. Жекелеген жағдайларда сілтемеде құрылғыдан жеке деректерді ұрлауға арналған вирус кіреді.
Бүгінгі күні осындай шабуыл Ресей мен АҚШ-та орын алған. Енді мұндай схеманың Қазақстанда таралу қаупі бар.
Әкімшілік айыппұл салу туралы ресми хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келіп түседі және төлем сілтемелерін қамтымайды. Салынған айыппұлдар туралы ақпарат egov.kz арқылы банктердің мобильді қосымшаларына да беріледі.
Егер 1414 нөмірінен айыппұл туралы хабарлама келсе және онда төлем сілтемесі болса – ол бойынша өтпеу керек. Мұндай хабарламаларды алаяқтар жібереді.
Алаяқтардың торына түсіп қалмау үшін сілтемелер арқылы өтпеңіз және күмән тудыратын хаттардың тіркемелерін ашпаған дұрыс.
Айыппұл туралы ақпаратты тек egov.kz, qamqor.gov.kz ресми ресурстарында және банктердің мобильді қосымшаларында қайта тексеру керек.
Ал сілтеме арқылы өтіп, деректерді енгізген жағдайда банк картасын шұғыл бұғаттап, ықтимал алаяқтық фактісі туралы банкке және полицияға 102 телефоны арқылы хабарлау керек.
Сондай-пқ құрылғыны вирустың бар-жоғына тексерген де артық болмайды.
JQ-Aqparat
Сурет: pixabay