141 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды

13 қыркүйек 2023, 11:18

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде 141 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inform.kz.

«Осы жылдың 8 айында камералдық бақылау 301 мыңға жуық мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қамтыды. Тексеру қорытындылары бойынша 43 514 рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 93 пайызын орындады. 1 522 аудиторлық іс-шара өткізілді», — деді вице-премьер.
Оның атап өтуінше, 1 трлн теңгеден астам бюджет қаражаты аудитпен қамтылды. Шамамен 141 млрд теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды.

«Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету мен жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 109 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 1 551 ұсыным берілді», — деді Ерұлан Жамаубаев.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді