jasqazaq.kz

14 мыңдай азамат қару ұстау және сақтау тәртібін бұзған

20 қараша 2016, 20:58

20161120142506

Бүгінгі күні ішкі істер органдарында 284 мыңнан астам азаматтық қару тіркелген. Ал ағымдағы жылы бұрын ұрланған немесе жоғалған атыс қаруын пайдаланып, қылмыс жасаудың 2 фактісі орын алды. Оның бірімен қарақышылық шабуыл жасалса, екіншісімен қасақана кісі өлтірілген.

ҚазАқпарат хабарлағандай, ведомство ақпаратына қарағанда, қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚбК баптары бойынша жауапкершілікті белгілейтін айыппұл санкцияларын ұлғайту бөлігінде «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы ҚР Кодексіне және «Жекелеген қару түрлерінің айналымына бақылау жасау туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделген. Сонымен қатар қару-жарақ дүкендеріне қойылатын талаптарды күшейту, қару айналымы саласында жұмыс істейтін барлық заңды тұлғаларды әр тоқсан сайын тексеру түрінде азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін белгілеу бойынша бірқатар нормалар қарастырылған. «Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа сәйкес азаматтық қару иелерін тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру жылына кемінде бір рет жүргізіледі. Сонымен қатар ІІД-нің жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезеңінде де тексеру ұйымдастыру тұрақты түрде қолға алынады. Ағымдағы жылдың 10 айында жүргізілген іс-шаралар барысында қарудың сақталу жай-күйін бұзан 7575 факті және қаруды тіркеу және қайта тіркеуді бұзған 6124 факті анықталып, әкімшілік жауапкершілікке 13699 азаматтық қару иелері тартылды», — дейді министрліктен.

 

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды