13 жылдан бері іздеуде жүрген азамат ұсталды

03 қараша 2023, 11:21

Павлодарлық жедел уәкілдер 13 жыл бойы іздеуде жүрген азаматты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел уәкілдер 67 жастағы әйелді ұстады, ол алаяқтық жасағаны үшін соттан жасырынған. 2006 жылы Алматы қаласында ол мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді ресімдеу бойынша қызметтерді ұсына отырып, бір әйелді 36 миллион теңгеге алдаған.

Күдіктінің уәделерінен әбден көңілі қалған жәбірленуші шыдамы таусылып, полицияға жүгінген. Ал 2010 жылдан бері күдікті мүлде жоғалып кеткен.

– Күдікті іздестірілді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қызметкерлер Екібастұз қаласында күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында. Іздестіру бастамашысына ұсталғаны туралы хабарланды, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық құқық бұзушыларды іздестіру жұмыстары полиция басшылығының ерекше бақылауында. Тек осы жылы павлодарлық жедел уәкілдер 126 қылмыскерді іздестірді.

– Сот төрелігінен жасырынудың мағынасы жоқ. Қашқындар сот төрелігі үшін қол жетімсіз болып, өз қалалары мен елдерінен тыс жерде жасырынып жүрсе де, олар жасаған әрекеттері үшін әлі де жауап беруі керек, – деп атап өтті полиция.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу