120 адам жүргізуші куәлігінен айырылатын болды

26 қазан 2023, 10:50

Ақмола облысының прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңдылықтың сақталуын тексеру барысында көлік құралдарын басқаруға медициналық қарсы көрсеткіштері бар адамдарда жүргізуші куәліктерінің болу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Мысалы, азамат А.-ның көлік құралдарын жүргізу құқығына ие жүргізуші куәлігі бар.

Бұл ретте, ол көлік құралдарын басқаруға тыйым салынатын ауруына байланысты диспансерлік есепте тұрады.
Мұндай фактілер біркелкі емес, прокурорлар осындай тағы да 120 фактіні анықтады.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша аталған тұлғаларды көлік құралын басқару құқығын тоқтату жөнінде шаралар қабылданды.

Басқа бұзушылықтар үшін прокурорлар полиция органдарымен бірлесіп, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 97 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Статистика көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жылдамдықты шектен асырып, қауіпсіздік белдіктерін қолданбау, көлікті мас күйінде жүргізу салдарынан орын алады.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу