120 000 теңге пара алып, 3 000 000 етіп қайтарды

28 қыркүйек 2023, 11:48

Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында пара алған полиция қызметкеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабының 1-1-бөлігімен (құқық қорғау органы қызметкерінің пара алуы) қозғалған қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, адамдардың жалдамалы пәтерде заңмен тыйым салынған қызмет түрін көрсетуге жол беріп, оған ықпал жасап келген. Қамқорлығы үшін жалпы 120 000 теңге көлемінде пара алған.

Соттың шешімімен сотталушы ҚК-нің 366-бабы 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Аталған баппен оған параның жиырма бес есе мөлшерде, яғни 3 000 000 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот үкімімен сотталушы өмір бойына мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан және полиция майоры арнаулы шенінен айырылды. Шымкент қаласы сотының баспасөз қызметінің ақпаратында: «Сот үкімі заңды күшіне енген. Жаза тағайындағанда, сот сотталушының жасаған әрекеттері үшін шын ниетпен өкінгенін, асырауында жас балаларының болуын, алдын сотты болмағанын және қылмыстық құқық бұзушылықты кәсіби антын бұза отырып жасауын ескерді», — делінген.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді