jasqazaq.kz

«100 жаңа есім»: Үздік футболшы жоба жүлдегері

03 желтоқсан 2017, 15:27

Бауыржан Исламхан – «Қайрат» футбол командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы.
Небәрі 24 жасында Қазақстанның футбол тарихында үлкен жетістіктерге жеткен Бауыржан Исламхан 2016 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік футболшысы атанды. Бауыржан тіпті жасы әлі жиырмаға да ілікпей тұрғанда ұлттық құрамаға шақырылып, жастар құрамасы сапында «Достастық кубогінің үздік ойыншысы» атанған еді. Бауыржан 1993 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданында дүниеге келген. Футболмен он жасынан бері айналысады. «Тараз» сапындағы алғашқы маусымында – 27 ойын өткізіп, 2 гол соққан.
«Қайрат» футбол командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан кәсіпқой футболшы ретіндегі мансабын «Тараз» футбол клубында бастаған. «Қайрат» сапында еліміздің екі дүркін күміс жүлдегері атанған жамбылдық жампоз Еуропа лигасында да жасындай жарқырай білді.
Бауыржан Исламханды футбол сүйер қауым интеллектуал ойыншы деп те атайды. Жаттықтырушылардың пікірінше, 24 жасар Жамбыл футболының түлегі Исламхан алаңдағы ойынды тез оқиды, іркілмейді. Жылдам шешім қабылдайды. Аяғына доп тисе қарсылас команданың бірнеше футболшысы қоршап алады. Неге десеңіз, ешкімнің миына қонбайтын құйтұрқы пас шығару ол үшін түк те емес. Кейде жалғыз өзі ойынның тағдырын шешіп жатады.
2016 жылы британдық BT Sport телеканалы Еуропа лигасы Уефадағы Бауыржан Исламханның голы ең әдемі гол деп жариялады. BT Sport сайтында оның голы 86 пайыз дауыс жинаған.

el.kz

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда