Көптеген бүлдіршіндеріміз үшін Исамдун Харамов қайта жарық сыйлаған, толықққанды өмір сүруге мүмкіндік сыйлаған құтқарушы, нағыз батыр. Жыл сайын білікті дәрігердің «алтын қолдары» кішкентай балалардың физиологиялық деформациясын түзетеді. Қарапайым тілмен айтқанда туа бітті омыртқасы қисайған не болмаса түрлі себеппен омыртқасын замдаған балалардың арқасына операция жасайды. 2016 жылы дәрігер медицинаға сіңірген өлшеусіз еңбегі үшін «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды.
Исамдун Каудунұлы 1997 жылдан бері бүгінге дейін С.Д Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Ақсай» университеттік клиникасында жұмыс істейді. 2010 жылы ол кандидаттық диссертациясын «Жамбасы қисық біткен балаларды оңалту» деген тақырыпта қорғады.
Бүгін де Исамдун Харамов «Ақсай» клиникасында сколиоздың ауыр формасымен түскен балаларға күрделі операция жасайды. Отаның мұндай түрі Қазақстан үшін жаңа жетістік емес. Десе де өткен жылдың күз айына дейін мұндай операция тек Астана қаласында ғана жүргізілген еді. Енді көптеген алматылық сондай-ақ Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облысында тұрып жатқан бүлдіршіндер үшін жаңа мүмкіндік туып отыр.
– Бұл өте күрделі ота,- дейді дәрігер Исамдун Каудунұлы. – Операция 3-4 сағатқа тіпті кейде 7-8 сағатқа жалғасады. Ота барысында балалардың омыртқасына өмір бақи тұратын металлконструкция қоямыз. Әрине егер ауырсыну немесе металлконструкцияны дұрыс қабылдамау байқалмаса онда имплант баланың арқасында мәңгі тұра береді. Отадан кейін баланы ұзақ оңалту курсы күтіп тұр. Жарты жылдай отыруға тиым салынады. Сол себепті ота жасалған бүлдіршіндер уақытша сабағын үйде оқиды»,- дейді.
Алтын жүректі дәрігердің еңбегі бағаланып, түрлі марапат берілді. 2005 жылы денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасы табысталса, 2012 жылы «Қазахстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен марапатталды. Ал 2015 жылы С.Д Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің күміс медалі берілді. Былтыр ҚР Ұлттық медицина қауымдастығы балалар дәрігер Исамдун Харамовты отандық медицинаға сіңірген еңбегі мен мінсіз қызметі үшін «Алтын дәрігер» медалімен марапаттады.
el.kz