jasqazaq.kz

10 мың балаға бір дәрігер

08 қараша 2016, 12:23

20161108113812

Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов педиатрларды даярлау мәселесін көтерді.

Оның айтуынша, бүгінде педиатрия факультеттерін қайта ашу қажет, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Үкімет үйінен. «Бүгінде бала денсаулығын қорғау саласында қордаланып қалған мәселелер де бар. 2007 жылда медициналық жоғары оқу орындары маман даярлаудың жаңа жүйесіне көшкен болатын. Осының салдарынан педиатрия факультеті жалпы медициналық бағытқа кіріп кеткен. Енді, педиатр болу үшін резидентураны бітіру керек. Сол себепті түлектер педиатрия сияқты мамандыққа көп қызықпайды», — деді И.Тасмағамбетов. Ресми мәліметке сәйкес, 2012 жылы бес медициналық жоғары оқу орнында 742 педиатр даярланса, 2013 — 423 педиатр, ал 2014 тек 4 адам ғана педиатр болып шыққан. «Соның салдарынан қазірдің өзінде педиатрлардың тапшылығы сезіліп отыр. 2012 жылы 10 мың адамға 4 педиатр келсе, өткен жылы аталған көрсеткіш үшке дейін азайды. Ал Атырау, Батыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында 10 мың ауыл xалқына бір-ақ педиатр қызмет көрсетеді. Осыған байланысты қоғам ішінде үлкен алаңдаушылық бар. Сондықтан келесі жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия факультеттерін ашуды ұсынамын. Тиісті тапсырма беруіңізді сұраймын», — деп атап көрсетті И.Тасмағамбетов.

ҚазАқпарат

 

13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік