1 млрд теңге ұрлаған «Қазарнаулыэкспорт» басшылары ұсталды

10 қараша 2023, 15:44

Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазарнаулыэкспорт» басшысының ұсталғанын мәлім етті. Ресми мәлімет бойынша, агенттік бұл әрекетін Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған.

«Қаржылық мониторинг агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Қазарнаулыэкспорт» РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстады.
Олар мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау аясында бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген», — делінген агенттіктің баспасөз қызметі берген мәліметте.
Қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
«Қазарнаулыэкспорт» РМК-ның мақсаты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына, мемлекеттік материалдық резервтерге, жұмылдыру, ғарыш қызметіне азаматтардың қорғаныс қабілетін және құқықтық тәртіпті сақтауда көмек көрсету болып табылады», — деп жазылған ресми ақпаратта.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу