1 литр бензинді 16 мың теңгеге сатып алмақ болған

10 тамыз 2023, 15:14

Солтүстік Қазақстан облысында орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алу арқылы АИ-92 бензинінің литрін 16 696 теңгеден сатып алмақ болған.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Сергей Перовтың айтуынша, ведомство мемлекеттік сатып алу жүйесіне күнделікті мониторинг жүргізеді. Негізгі міндет — жоспарлау кезеңінде тауардың құнын жасанды түрде көтеруге жол бермеу. Профилактикалық жұмыс бюджет қаражатын үнемдеуге және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
«Жыл басынан бері жоспарланған сатып алу бағасын асыра бағалаудың 63 фактісі анықталды. Мемлекеттік органдардың 34-і біздің араласуымыздан кейін бағаны төмендету жөнінде шара қабылдады. Нәтижесінде жалпы сомасы 1,4 млрд теңге үнемделді», — дейді Сергей Перов.
Департамент басшысы сонымен «Ақан сері» орман шаруашылығы» КММ АИ-92 маркалы бензиннің литрін 16 696 теңгеге сатып алмақ болғанын да айтты. Нәтижесінде 664,5 млн теңге бюджет қаражатын ұтымсыз пайдалануға жол берілмеді.
«Айыртау ауданының білім бөлімі жылыту қазандықтарының бір данасын 30,7 млн теңгеден, жалпы сомасы 307,6 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет араласқаннан кейін мемлекеттік сатып алу жоспары өзгертілді, үнемдеу сомасы 279,3 млн теңге», — дейді Сергей Перов.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады