1,3 миллиард теңгенің темекі өнімдері тәркіленді

02 тамыз 2023, 10:12

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері акциздік төлемсіз астыртын сатуға арналған 2 млн аса шетелдік темекі қораптары сақталған қойманы тапты.
Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің айтуынша, тергеп-тексеру барысында темекі өнімдерінің құны 1,3 млрд теңгені, ал төленбеген акциз соммасы 580 млн теңгені құрайтыны анықталды.
Қылмыстық іс сотқа жолданып, темекі өнімдері ел аумағында сатуға жарамсыз болғандығына байланысты (техникалық талаптарға сәйкес келмеуі) жойылды.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі ел азаматтарының денсаулығына орны толмас зиян келтіретін қылмыстарды анықтау және жолын кесу жөніндегі белсенді жұмысты жалғастыратын болады.
«ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептелетіні» жазылған хабарламада.

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады