Жезқазған пәтерлеріндегі краннан аққан ыстық судан жағымсыз иіс шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚазАқпарат тілшісіне хабарласқан Жезқазған тұрғындары ыстық судан шығатын шағымсыз иіс әбден мезі еткендігін айтты.
«Сіздер Қарағандыдағы судан шығатын жағымсыз иісі туралы жаздыңыздар. Ал бізде бұл жағдай екі жылдан бері қайталанып келеді», — дейді қала тұрғыны Максим Дунаев.
Қала тұрғындары бұл мәселемен өздігімен күресуде. Кейбіреулері салқын суды қайта қайнатып пайдаланса, енді бірі бойлер орнату арқылы ыстық су мәселесін шешуге мәжбүр. Мұндағы пәтерлер мен жеке үйлерге ыстық су жыл бойы беріледі. Жезқазғандықтар қала әкімдігі мен «Ыстық сумен қамту кәсіпорны» АҚ-ға көптен бері шағымданып келеді.
Жергілікті атқарушы билік органдары, құбырлардың тозғандығын алға тартып отыр. Олардың көпшілігі 60 жыл бұрын орнатылған. Қазір Жезқазғандағы су құбырларының жалпы ұзындығы 297 864 метрді құрайды, олардың тозу деңгейі 70%-ке жеткен.
Осы мақсатта берген тұрғынның сауалына орай Жезқазған әкімдігі ыстық су сапасына байланысты зертханалық зерттеу жүргізілгендігі туралы және судың нормативтік көрсеткіштерге сәйкес келмейтіндігі туралы хабарлаған. Әкімдік «Жезқазғанды жылы сумен жабдықтау кәсіпорыны» өкілдерінің құбырларды жаю және залалсыздандыру жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмегендігін алға тартады.
Өз кезегінде, бұл бағыттар жұмыстар жасалуда. «Жезқазғанды жылы сумен жабдықтау кәсіпорыны» қаланы жылумен қамту желілерін қайта жуу жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Шаралар жоспарын толық орындамаған жағдайда жоғарыда аталған кәсіпорындардың басшылығы ҚР заңнамасы аясында әкімшілік жауапқа тартылады», — дейді Қарағанды облысының әкімдігі.