jasqazaq.kz

Жастардың шетел асуына не себеп?

25 тамыз 2018, 11:02

Қазақстан бағалы кадрлерінен айырылуда. Шетелдіктер біздің білікті мамандарға таласып жатқанда, өз мамандарымызды ұстап қалуға не кедергі? Жыл сайын мыңдаған студент Еуропа, Америка елдеріне кетіп жатыр. Неге? Мүмкін біреулер «кәсіби шыңдаламын» деп қана теңіз асса, жоғары жалақы іздеп кетіп жатқандар әрине, басымырақ. Елімді гүлдендіремін дейтін патриот жастар бар. Бірақ оларға мүмкіндік берілсе…

8 жыл бойы АҚШ-та білім алып, жұмыс істеген Әсел Сәкенова Қазақстанға былтыр ғана оралған. Екі бірдей мамандықты игерген соң, елге қайтуды ойлапты. Тек, бірден айлығы жоғары жұмыс тауып кету қиынға соқты дейді. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

ӘСЕЛ СӘКЕНОВА, жас маман:

– Шетелдерді салыстырғанда бәр жерде жалақы көп. Біреулер қайтқысы келеді, біреулер қалғысы келеді, біреулер сол жақта бизнес жасайды. Немесе қайтқан кезде өздерінің салаларында жұмыс таба алады, таба алмай ма? Көбісі Европаға, көбісі Америкаға, көбісі Канадаға ол жақтағы өмірді салыстырғанымен көп айырмашылықтар болғандықтан кетіп жатыр деп ойлаймын.

«Қайтсем де жас мемлекетімді көтеремін» дейтін Әсел секілді еліне оралған мамандардың 30 пайызы қайтадан шетелге көшіп кетеді екен. Мұндай статистиканы өзге елде оқитын қазақстандық жастармен тығыз жұмыс істейтін арнайы қор өкілдері айтып отыр. Жалпы, кәсіби шыңдалған, келешегі зор жас мамандардың жаппай кетуіне ең әуелі айлықтың аздығы сеп болатын сыңайлы.

АРМАН БАРМЕНБАЕВ, шетелде оқитын қазақстандық жастарды дамыту қорының атқарушы директоры:

– Особенно допустим ІТ специальность. Если они например в Германии зарабатывают по 2-3 тыс долларов в месяц, то здесь компании не могут себе позволить например. По этому как бы многие уезжают.

Қор мәліметтеріне қарағанда, шетелде білімін жетілдірген түлектердің 60 пайызы елге қайта оралады екен. Тек, Қазақстанға келген соң, карьераларына кедергі келтіретін факторлар көбейе түседі. Хьюстондағыдай болмаса да, жақсы жалақыға келіскен Әсел Сәкенова сияқты жастар болса, Қазақстанның болашағын жасауды өздерінің парызы санайды.

19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты