jasqazaq.kz

Ұлттық бюро: Түрмеде отырған Ермегияев ішімдік ішіп, интернетті еркін қолданған

25 желтоқсан 2017, 12:22

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Астана қаласындағы колония басшылығының өрескел әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордадағы қатаң режимдегі колония басшылығы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевке қамқорлық жасағаны анықталды. Ұлттық бюро мәліметіне қарағанда, сотталушы Т.Ермегияевтің жазасын жайлы жағдайда өткізуіне мүмкіндік жасаған ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінің бастығы, әділет полковнигі Н.Әбен мен оның орынбасары, әділет майоры Т.Мұсаев сот санциясымен ұсталып, тұтқынға алынды. «Жоғарыда аталған тұлғалар Т.Ермегияевке тұрақты түрде алкоголь ішімдіктерін ішуге үнемі жағдай жасап, ұялы телефон мен интернетті еркін пайдалануға, сонымен қатар үздіксіз кездесу өткізуіне мүмкіншілік берген. Аталған өрескел заң бұзушылықтарға жол бергені үшін қылмыстық атқару жүйесінің 13 лауазымды тұлғасы да тәртіптік жазаға тартылды. Оның ішінде 11-і қызметінен босатылып, екеуіне қызметіне толық сай келмейтіндігі ескертілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген таратылған ақпаратта. Айта кетейік, Талғат Ермегияев 2016 жылдың маусым айында жемқорлық және ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 14 жылға сотталған болатын.

Бүгін, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
Бүгін, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды