jasqazaq.kz

Төреғали өз концертіне келген қарияны залдан қуып шықты (видео)

23 желтоқсан 2017, 13:10

Танымал әнші Төреғали Төреәлі өз концерті кезінде ел алдында өзін ренжіткен қарияға дөрекі сөйлеп, кезекті рет «мінезін» көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Портал редакциясына Төреғалидің сахнадағы видеосын жолдаған көрермен оның бұл әрекетіне наразы екенін жеткізді.

Видеодан Төреғали өзінің көрерменіне ренжіп, түрлі дөрекі сөздерді айтқанын көруге болады.

«Мен сіздерге «оттың басы, ошақтың қасы», үйдегі проблемаларымды айтып жатырмын ба ағайын, а? Болмаса сізге басымда мынанша кредитім бар еді деп жатырмын ба? Риза емессіз бе, мархабат, тұрыңыз да шығып кетіңіз ағайын! Мен ешкімді қинаған жоқпын, мен ешкімге концертіме келмесеңдер өліп қалайын дап жатырмын, мына жерде ауа жетпей, асылып өлейін деп жатырмын деген жоқпын, ағайын.

Өйтіп ренжуіңіз өте орынсыз көке. Еу, айналайын көке, ата сақалың аузыңа жетіп, жасың мыңға келіп, не айтып тұрсың мына жерге кеп ап? Менің де бір кісідей ашуым бар ағайын. Ешкім еріккеннен жүрген жоқ.

«Еріккен сарт енегін уқалайды» деген. Ұнамай ма, шығып кетіңіз бар! Сізге ешкім жалынып жатқан жоқ», — деді ол.

Алайда видеода көрерменнің әншінің шамына тиген тұсы түспей қалған. Сондықтан Төреғалиді ел алдында мұндай сөздер айтып, «сес» көрсетуіне не себеп болғаны белгісіз. Кей желі қолданушыларының айтуынша, бұл жайт Павлодардағы концертте орын алған.

Бүгін, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
Бүгін, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды