Шымкентте қоқыс арасында өмір сүруден мезі болған жұрт шу шығарды.
Шымкент іргесіндегі Ақжар ауылы тұрмыс қалдықтарының тура ортасында тұр. Былтыр ғана Шымкенттің үлкен қоқыс полигоны осы ауылдан екі шақырым жерге көшірілген. Содан бері күл-қоқыс тасыған көліктер полигонға жетпей-ақ, бүкіл қалдықтарды ауылдың іргесіне тастап кете беретін болыпты. Ал оған қарап жатқан бірде-бір шенді-шекпенді жоқ. Шымкент пен Ақжар ауылының арасы 12 шақырым.
Былтырдан ғана қаланың үлкен қоқысханасын осы Ақжар ауылынан 2 шақырым жерге көшірген екен. Содан бері, қыл-қыбыр артқан көліктер қоқыс полигонына ерінетін болуы керек, қалдықтарды ауыл іргесіне тастап кете беруді әдет қылған. Ал, оған қарап жатқан бірде-бір шенеунік не полицей жоқ.
Ауыл десе Ақжарлықтар тамылжыған табиғатты емес, тау болып үйілген қоқысты елестетеді. Шеттегі үйлерден 20 метр жерден тұрмыстық қалдықтар көріне бастайды да, ары қарай бірнеше жүз метрге осы көрініс жалғасып кете береді. Мұнда жиі соғатын жел сайда орналасқан ауылға қоқысты ұшырады. Ал жағымсыз иіске шыдау мүмкін емес, қолқаңды қабады.
Өліктері ауыл ішімен өтіп, жұрттың өзі төсеген тас көшелерін де бүлдіріп бітіпті. Оан қалса іргедегі қоқыс жиі өртеніп, ауылды улы түтін жайлайды екен. Ересектер көзін ала бере кішкентайлар да осы жерге жиналуды әдет қылған. Сондықтан мұнда жұқпалы аурумен ауыратын балалар да көбейіпті.
Мұндағы жұрт тәртіпті қадағалуаы тиіс учаскелік полицей дегенді көрген емеспіз дейді. Қалдықтарды тастап жүрген көліктерді бірнеше мәрте суретке түсіріп, оны ауыл әкіміне беріпті. Ол болса өздерің әрекет қылыңдар дегеннен аспайды екен. Ал аудан басшылары Ақжардың қоқысы туралы сендерден естіп тұрмыз деп аң-таң болды.
Биыл ауданның тазалығына 230 миллион теңге жұмсалыпты. Шенеунікке сенсек, ол жылдап тазаланбаған қалдықты апта соңына дейін жоқ қылатын болды. Ал ауыл басшысы мен полицейлеріне қатысты мәселені май шаммен қараймыз деп сендірді.