jasqazaq.kz

Шымкент: Мәслихат депутаттары Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесті

Бүгін, 18:27

Шымкент қаласының Базарқақпа елді мекенінде Еңбекші ауданы әкімі мен қалалық мәслихат төрағасының тұрғындармен жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған іс-шара өтті.
Алғаш болып сөз алған Конституциялық комиссия мүшесі, қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов жаңа Конституция жобасында көзделген өзгерістердің мән-маңызына тоқталды. Оның айтуынша, комиссия отырыстары барысында ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер жан-жақты талқыланып, бірқатар оң шешімдер қабылданған.
– Жаңа редакциядағы Ата заң адам капиталын, білім мен ғылымды, инновацияны мемлекеттік саясаттың басты стратегиялық бағыты ретінде айқындайды. Қазіргі жаһандық бәсеке жағдайында кез келген мемлекеттің қуаты табиғи ресурстармен емес, интеллектуалдық әлеуетімен өлшенеді. Сонымен қатар Конституция мемлекет пен дін арасындағы шекараны нақтылап, зайырлылық қағидатын бекіту арқылы көпэтносты, көпконфессиялы қоғамда тұрақтылық пен тең құқықтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, – деді мәслихат төрағасы.
Іс-шара барысында 2025 жылы қалалық мәслихат тарапынан атқарылған жұмыстар туралы да есеп берілді. Сонымен қатар, аудан әкімі Досбол Есілбек те өткен жылы Еңбекші ауданында инфрақұрылым, абаттандыру, жол-көлік саласы және өзге де бағыттар бойынша атқарылған жұмыстардың негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.
Кездесу барысында тұрғындар өз ұсыныстары мен сауалдарын жеткізіп, жауаптар алды. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, жергілікті билік пен халық арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады