jasqazaq.kz

Шымкент: Құрылыс нысандарының сапасын бақылау күшейтілді

31 наурыз 2023, 12:45

Шымкентте жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер, жаңғыртылатын және күрделі жөндеуден өтіп жатқан обьектілердің сапасына бақылау күшейтілді. Бұл туралы Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасы мәлімдеді.

Қазіргі таңда қала аумағындағы құрылыс сапасын бақылау бойынша техникалық қадағалаушылар объектілерге ай сайын мониторинг жүргізіп келеді. Жыл басынан бері құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан 585 нысанға (оның 118-і бюджеттік нысандар, 467-і жеке нысандар — 467) мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде басқарма тарапынан 43 (сапасына қатысты – 4, заңсыз құрылыстарға қатысты – 39) құрылыс объектісі бойынша 118 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған (8 866,5 АЕК – 30 589 425 теңге).

Оның ішінде, құрылыс сапасына қатысты 4 құрылыс нысаны бойынша 5 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 1950 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Ал, қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты 39 құрылыс нысаны бойынша 113 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жауаптылар 6 916,5 АЕК айыппұл арқалаған.

Басқарма ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-бабына сәйкес, авторлық қадағалаушы тұлғаларға және Заңның 34-1 бабына сәйкес, техникалық қадағалаушы тұлғаларға құрылысқа қатысты міндеттерін өз деңгейінде атқаруға ескертулер тұрақты жолдануда.
Айта кетсек, Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасы құрылыс компаниялары мен кәсіпкерлер арасында жиі дөңгелек үстел қткізіп, заңсыз құрылыс мәселесін талқылайды. Жиында Шымкент қаласында қызыл сызықты бұза отырып салынған және
қызыл сызықта орналасқан құрылыстар, құрылыс нормаралының сақталу барысы, жер учаскескелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау фактілері және олардың адам құқығына, денсаулығына және өміріне төндірілетін қауып-қатерлерді болдырмаудың алдын-алу, жер асты жұмыстарын жүргізу барысында жүйелерге (коммуникациялар) зиян келтірмеу үшін тиісті мекемелерден келісім алып, жұмыс жасау мәселелерін талқылайды. Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша жұмысшы топ құрылып, жұмыс жүргізіледі.

Мерей Әлімбек

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң