jasqazaq.kz

Санкт-Петербургте жарылыс жасаған адам видеоға түсіп қалды

28 желтоқсан 2017, 11:17

Санкт-Петербургте «Перекресток» дүкеніндегі бақылау камераларына жарылыс жасады деген күдікті түсіп қалған, деп жазады «Фонтанка».

Басылым мәліметіне сүйенсек, Калинин алаңындағы жарылыстан жарты сағат бұрын «Черная речка» метросы жақтан келе жатқан бағдарлы автобус тоқтады. Автобустан жасыл күрте киіп, бозғылт жолдорба асынған ер адам шығады. «Перекресток» дүкеніне кірген соң, жас жігіт сақтау камерсында сөмкесін қалдырып, сауда залына кіреді, бір жарым минуттай тауарларды қарағансып жүре тұрады.

Дүкеннен сөмкесіз шығып, Калинин алаңын кесіп өтіп, қалың тобыр арасында көзден ғайып болады.

Зардап шегушілердің айтуынша, жарылыс сағат 18:45 кезінде болыпты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаланың вице-губернаторы Анна Митянинаның мәліметіне сүйенсек, алты зардап шегуші қаланың үш ауруханасында жатыр, жағдайлары орташа ауыр, үшеуінің беті бері қарады, ал біреуі ауруханадан шықты.

sputniknews.kz

19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты