Перу астанасы Лимада құтқарушы өзіне қол жұмсамақ болған адамды ұстап қала алмай, ер адам жерге құлап кетіп мерт болды, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеп Stan.kz.
Басылымда хабарланғандай, 25-30 жас шамасындағы ер адам ғимараттың 15-қабатына шығып алған. Құтқарушылар оны жоғарыға көтеріп алмақ болғанда, ол балконның қоршауынан ұстап тұрған. Осы кезде құтқарушы ер адаммен төменге қарай құлап кеткен. Құтқарушы қауіпсіздік арқанының арқасында аман қалды. Ал ер адам жерге құлап, мерт болды.
Видеоны жүйкесі әлсіз адамдарға және балаларға көруге болмайды!
https://youtu.be/35qFtL2QZ1U
Өзіне қол жұмсамақ болған ер адамның тұлғасы мен суицидке бару себебі анықталып жатыр.