Отандық Orda FM радиосы Төреғалидің барлық әнін эфирден алып тастады, деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы радионың директоры Азамат Исаев Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
«Мен Orda FM директорымын, кешегі оқиғадан кейін ұжым болып Төреғали Төреәлінің бүкіл әнін әнші концерт өткен Павлодар тұрғындарынан кешірім сұрамайынша эфирден алып тастағанымызды ресми түрде мәлімдеймін», — деді Исаев.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің сахнада тұрып тыңдарманына дауыс көтергені бейнеленген видео желіге тарап кеткен болатын.