jasqazaq.kz

Мұхамедиұлы Төреғали Төреәлінің даулы концертіне қатысты пікір білдірді

26 желтоқсан 2017, 17:23

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әнші Төреғали Төреәлінің Павлодардағы даулы концертіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, бұл оқиға концерт индустриясын заңнамамен реттеуді қажет ететінін көрсеткен. «Қазір бізде, өкінішке қарай, кез келген адам концерт ұйымдастыра алады, әншінің өзі де ұйымдастыра алады. Мұндай оқиға болды ма, онда біз шара қолдануымыз қажет. Мен әрқашан көрерменді құрметтеу керек деген ойдамын», — деді министр. Арыстанбек Мұхамедиұлы мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін министр ретіндегі міндеті қазақстандық концерт индустриясын өркениетті нарыққа келтіру керек екенін атап өтті. «Бар мәселе бұл саланың заң тұрғысында реттелмегенінде болып тұр. Мысалы, кез келген адам концерт ұйымдастыра алады. Әлемде концерт ұйымдастырғысы келгендер лицензия алады. Қазір біз оны (Төреғали Төреәліні — Авт.) жақтауымыз да, даттауымыз да мүмкін. Ал концерт ұйымдастырумен кәсіби ұйым айналысса, ұйымдастырушылардан мұндай жағдайға неліктен жол берілгенін, әншінің қандай күйде болғанын сұрай алар едік, қазір оның тіпті ақылға қонымсыз әрекет жасағанын айтып, талқылап жатыр. Барлығын да заңмен реттеу керек деп есептеймін», — деді Мұхамедиұлы.

Бүгін, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
Бүгін, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды