jasqazaq.kz

Көлік терезесін жуатын сұйықтық адам денсаулығына қауіпті ме? (видео)

25 желтоқсан 2017, 15:19

Алматы базарларында сатылатын көлік терезесін жуатын сұйықтықтан адам денсаулығына қауіпті қоспа анықталды. Мамандар сауда орындарының бірінде тексерілген 4 сұйықтықтың үшеуінен метанол тапқан. Оның арасында отандық және шетелдік өндірушілердің өнімдері бар. Бұл туралы «Алматы» телеарасы хабарлады.

Қоғамдық Денсаулық қорғау департаменті тауардың бұл түрін айналымнан алып тастау туралы қаулы шығарды. Себебі аязды күндері мұндай сұйықтыққа сұраныс арта түсетінін алға тартуда. Тұрғындарға тауарды сатып аларда оның қауіпсіз екендігін растайтын құжат сұрау қажеттігін ескертті.

«Метанол өте қауіпті у. Ол адам денсаулығына қауіпті. Ағзаға түссе, адамның негізгі мүшелерін зақымдайды. Сондықтан сараптама нәтижесіне сай, бұл өнімдердің сатылуына тыйым салу керектігі туралы қаулы шығарылды. Тұтынушыларға ескертеміз, тауарды сатып аларда міндетті түрде тауардың қауіпсіз екендігін растайтын құжаттарды сұраған дұрыс», — деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Мұрат БІРЖАНОВ.

Бүгін, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
Бүгін, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды