jasqazaq.kz

Қызылордада 66 миллион ұрлаған ер адам ұсталды

28 желтоқсан 2017, 22:07

Қызылордада 66 миллион теңге ақшаны ұрлаған ер адам ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Казпошта мекемесінің ішінен 66 миллион теңге көлеміндегі қаржыны ұрлаған 50 жастағы азамат ұсталды. Оқиға 2017 жылдың желтоқсан айының 17-нен 18-не қараған түні болған. Белгісіз ер адам Шиелі кентінде орналасқан Казпошта ғимаратының ішіне пластик терезін ашу арқылы жасырын кіріп, еденде жатқан шүберектен жасалынған қапшық ішіндегі жалпы сомасы 66 000 000 теңгені құрайтын ақшаны және макаров тапаншасын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалайды. Жедел түрде іздестіру шаралары қабылданып, нәтижесінде Шиелі ауданының 1967 жылғы тұрғыны ұсталып, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Осы дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағына сәйкес Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты