jasqazaq.kz

Қыздарды шешіндірген клубтың басшылары халықтан кешірім сұрады (видео)

27 желтоқсан 2017, 14:24

Алматыдағы атышулы «Zakova» клубының басшылары халықтан кешірім сұрады. Өзін лануж-бардың заңды өкілімін деп таныстырған азамат Айжан Байзақованың әрекеті үшін өкінетінін және осы іске қатысты қызметкерлердің жаппай жазаланғанын айтты, деп хабарлайды NUR.KZ.

«Мен «Zakova.bar» түңгі клубы директорының міндетін атқарушысы, заңды өкілімін. Біздің лаундж-барда болған оқиға қоғамда үлкен дау туғызғаны үшін Қазақстан халқының әрбір азаматының алдында кешірім сұраймын. Осы кеште ұйымдастырылған коркурсқа қатысы бар деген қызметкерлер жұмыстан шығарылды. Атап айтар болсам, МС Кука мен жарнама-менеджерлері. Айжан Байзақовамен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ендігәрі мұндай оқиға қайталанбайды және басқа да ойын-сауық орталықтары осындай бассыздыққа жол бермей, біздің қателігіміз оларға сабақ болады деп сенемін. Сондай-ақ, Алмалы аудандық полициясы тарапынан біздің әкімішлікке айыппұл салынғанын хабарлаймын. Тағы да Қазақстан халқының алдында кешірім сұраймын. Біз тұрғындардың намысына тиеміз деп ойлаған жоқпыз» деген видео youtube желісінде пайда болды.

Естеріңізге сала кетсек, ғаламтор жұлдызы Айжан Байзақова «Zakova.bar» клубында қыздар арасында 50 мың теңге үшін шешіну ойынын ұйымдастырғаны халықтың ашуына тиген болатын. Артынша атышулы блогер сот шешімімен үш күнге қамауға алынып, Instagram-дағы парақшасын өшірді. Тіпті түңгі клубтағы қылығына бола оны белгісіз біреулер соққыға да жыққан.

Бүгін, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
Бүгін, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды