Көлік полицейлері 30 жастағы әйелге қос азаматтығы үшін 500 мың теңгеге жуық айыппұл салды. Алматы әуежайындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері 1987 жылы туылған Түркия азаматшасының екі азаматтығы бар екенін, яғни оның Қазақстан Республикасының және Түркияның азаматтығын алғанын анықтады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.
Күдіктіге қатысты ҚР ӘҚБтК 496 бабы 2 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау). Азаматша 453 800 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағында Көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлерімен 2 749 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде келу ережесін бұзған 2 507 шетелдік азаматтың 2 386-сы ТМД азаматтары болса, 121-і алыс шетелдерден келгендер. Сот қаулыларымен 328 шетелдік ел аумағынан тысқары шығарылды.