Ақмола облысында Бестөбедегі шахтада кенші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі департамент Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Оқиға 24 желтоқсанда 15:50-де Бестөбе ауылындағы «Қазақалтын» шахтасында болған.
«735 блок 13 көкжиегінде белгісіз жағдайда 1972 жылғы кенші басынан жарақат алды. Жұмысшы жер бетіне шығарылып, Степногорск қалалық ауруханасына жатқызылған», — деп хабарлады ТЖД.
Степногорск ТЖБ хабарлағандай, шахтада опырылу жайты болмаған. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия құрылып, болған оқиғаның себептерін анықтауда.