jasqazaq.kz

Қазақ жігіттері Zakova клубын жауып тастауды талап етті (видео)

28 желтоқсан 2017, 11:24

Бір топ қазақ жбігіті кеше кешке атышулы Айжан Байзақованың клубының алдына жиналып, оның жабылуын талап етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Белсенділерді бастап апарғандардың бірі Талғат Рысқұлбеков өзінің Facebook желісінен тікелей эфир жүргізіп, ел алдында өз талабын жеткізді.

Олардың айтуынша, атышулы клуб бір айға болса да жабылуы тиіс.

Айта кету керек, қарсылық көрсету шарасын полиция қызметкерлері бақылап тұрған. Ешқадай тәртіп бұзушылық орын алмаған.

Көңіл көтеру орнына жиналғандар өз талаптарын айтып, клубта болған жайттарға көз жұма қарамау қажет екенін жеткізді. Белсенді Талғат Рысқұлбектің айтуынша, қыздар өз еркімен шешіну арқылы шыдамның шегіне жеткен.

«Мұндай жағдайдың орын алуын шектен шығу деп түсінеміз. Біздің мемлекетіміз, өз заңымыз бар. Мұндай нәрселерге неге тыйым салуға болмайды? Шыдамның да шегі бар ғой. Ол қызды үш тәулікке қамап қоймағанда, біз бұл мекемені бұзып тастар едік. Клубтың лицензиясын тартып алсын», — деді наразы болған Рысқұлбеков.

19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты