Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық бағытта жолдар жабылды, — делінген «Қазавтожол» РМК сайтында.
Астана уақыты бойынша 21:30-да барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды. Жолдардың қашан ашылатыны әзірше белгісіз. Айта кетейік, Қарағанды облысында тасжолда жол-көлік оқиғасы салдарынан рейстік жолаушылар автобусы аударылған еді. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай, көлік бір жанына аударылған. Автобустың ішінде 43 жолаушы болған, ешкім зардап шеккен жоқ. Сонымен қатар, Қарағанды — Теміртау тасжолында жеті автокөлік соқтығысты.