Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондонның ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,77 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 67,02 долларға жетті. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айында жеткізілетін фьючерстерінің бағасы 1,5 долларға көтеріліп, бір баррелі 59,97 доллар болды.