jasqazaq.kz

Қайтыс болған туысының зейнетақысын алып келген

26 желтоқсан 2017, 15:12

Ақтөбеліктер қайтыс болған туыстарының зейнетақы аударымдарын алып келген. Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратура аппаратының жетекшісі Жасұлан Дәулембаев Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы филиалынан жыл сайын осы дерек бойынша шамамен 200 іс келеді екен. «Хаттарда қайтыс болған зейнеткерлердің есепшотына осымен бірнеше ай бойы ақша аударылып келгені айтылады. Корпорациядағылар бұл туралы мәліметті тек әділет органдарында тіркегеннен кейін біліп жатыр. Ал қайтыс болған адамдардың туыстары аударылып жатқан ақшаларды алып жүре берген», — деп түсіндірді Жасұлан Дәулембаев. Облыстық прокуратура аппараты жетекшісінің айтуынша, бұл жағдайды екі мемлекеттік органда тіркелген мәліметтерді тексеру арқылы шешу мүмкін болды. «Ендігіде ішкі істер органдары мен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының филиалы қайтыс болған адамдарға негізсіз аударылып жатқан зейнетақы төлемдері жағдайларын жоюға мүмкіндік беру үшін апта сайын тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл дегеніміз іс сотқа дейінгі өндіріске алынбай, қайтыс болған зейнеткерлердің туыстары қылмыстық қудалауға тартылмайды деген сөз», — деп жазды Жасұлан Дәулембаев Facebook желісіндегі парақшасында.

Бүгін, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
Бүгін, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды