jasqazaq.kz

Ғалымдар білім алуға ең қолайлы жасты анықтады

27 желтоқсан 2017, 12:19


Ғалымдар балалық шаққа немесе егде жасқа қарағанда, 17-21 жас аралығында оқыған ақпаратты қабылдау оңай болатынын анықтады. Зерттеу қорытындысы Nature Communications журналына жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Мамандардың деректеріне сәйкес, мидағы «жолақты дененің» дорсолатералды бөлігі білім алу процесінде маңызды рөл атқарады. Бұған дейін мидың осы құрылысының белсенділігі адам жасына қарай қалай өзгеретіні зерттелмеген.
Лейден университетінің ғалымдары неврологиялық ауруы жоқ 8 және 25 жас аралығындағы 232 адамды қатыстырып, сараптама жүргізді. Тестілеу барысында қатысушыларға жауап нұсқасы бар логикалық тапсырмалар берді. Олар оны компьютердің көмегімен үйрене отырып орындады.

Кейін қатысушылар миының сканерлі көшірмесін көрсетті. Сөйтсе, 17-20 жас аралығындағы адамдардың миындағы «жолақты дене» өте белсенді әрекет еткен.

Сондықтан зерттеушілер «жолақты дененің» белсенділігі жоғары кезде адамның миы алған білімді жақсы қабылдайтынын тағы да растап, 17-25 жас аралығы білім алуға ең қолайлы жас деген қорытынды шығарды.

Бүгін, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
Бүгін, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды