jasqazaq.kz

Дзюдодан Қазақстан чемпионын өлтіргендер жазасыз қалған

23 желтоқсан 2017, 12:49

Түзеу мекемесінде қаза болған Қазақстанның дзюдодан 5 мәрте чемпионы Бақытжан Әбдікәрімовтың өліміне жауапты адамдар тиісті жазасын алған жоқ. Осылай деп мәлімдеген спортшының туыстары аталған іске Жоғарғы сот пен Бас прокуратураның араласуын сұрап отыр.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

45 жастағы Бақытжан Әбдікәрімов 2016 жылы Павлодар қаласындағы АП 162/3 түзеу мекемесінде қаза болған. Марқұмның туыстарына «ол терезені сындырып, әйнекпен өз мойнын кесті» деп мәлімдеген.

Алайда сот сараптама спортшының әбден таяқ жегенін, мойыны әйнекпен емес алюминийден жасалған өткір затпен кесілгенін анықтапты. Әбдікәрімовтың жақындары «бауырымыз өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес, яғни оны азаптап өлтірді» деген пікірде.

«Біз куәгерлердің көрсеткендеріне сүйеніп отырмыз. Куәгер таңғы сағат 5.55-те Әбдікәрімов Бақытжанды 3 адамның, яғни бір колония қызметкері мені екі белсендінің ұрып-соққанын көрген. Ал сот-сараптаманың №202 нәтижесі Әбдікәрімовтың қолына әйнек ұстамағанын дәлелдеді», – дейді марқұмның бауыры Жандос Әбдікәрімов.

Бұл іс Павлодар қаласының сотында қаралып, адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген бап бойынша биыл қазан айында колонияның үш бірдей қызметкері сотталды. Оның біреуі 4 жылға бас бостандығынан айырылса, екі қызметкер үш жарым жылға шартты түрде сотталған. Алайда зардап шеккен тарап сот куәгерлердің көрсетілімдерін және сот-сараптама нәтижелерін ескермей тым жұмсақ жаза тағайындады деген пікірде.

«Сот дұрыс қарасын. Мына қараған дұрыс емес. Түрмеде кісілерді өлтірмеу керек, түрмеде кісілерді тәрбиелеу керек», – дейді марқұмның әпкесі Нұрлыгүл Демпстер.

Павлодар қаласындағы түзеу мекемесінде сотталғандарды ұрып-соғып, қорлық-зомбылық көрсететіні туралы бірнеше жыл бұрын қоғам белсенділері дабыл қаққан. Алайда одан еш нәтиже шыққан жоқ.

«2015 жылы колониядан көмек сұрағандар көп болды. Біздің мүшеміз Елена Семенова түзеу мекемесінде қорқынышты дүниелер болып жатқанын дәлелдеуге тырысқан. Алайда оған ешкім құлақ аспады. Енді міне 2016 жылы Әбдікәрімов өлсе, 2017 жылы да азаптаудың құрбаны бар екенін білдік», – дейді қазақстандық адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро директорының орынбасары Роза Ақылбекова.

Ал Бақытжан Әбдікәрімовтың жақындары қансырап жатып қалған адамға уақытылы көмек көрсетпеген түзеу мекемесінің дәрігерелері де жауапкершілікке тартылуы тиіс деп есептейді.

Бүгін, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
Бүгін, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды