jasqazaq.kz

Димаш Қытайдан қалыңдық іздеу туралы: Ол құпия (видео)

22 желтоқсан 2017, 15:20

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда «Жылдың шебер шетелдік өнер адамы» номинациясы бойынша марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Қытай астанасы Бейжің қаласында өткен «Beauty Touching At Chinese» қайырымдылық шарасының құрметті қонағы болып, «Memories That Can’t Take Away» әнін шырқады. Сондай-ақ, кешті ұйымдастырушылар, отандасымызға «Жылдың шебер шетелдік өнер адамы» марапатын табыстады. Димаш өз кезегінде осындай қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға ат салысып жүрген адамдарға алғысын білдірді. Кеш жүргізушісі Димаштан Қытайдан қалыңдық табу туралы ойын сұрады. Әнші бұл сұраққа жауап беруге қиналатындығын жеткізді. «Қалыңдығым туралы мәселе әзірге құпия», — деді Димаш. Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген осы жылдың басында Қытайдың «Singer 2017» ән байқауына қатысып, екінші орын жеңіп алды. Отандасымыздың талантты өнері көптеген қытайлық және басқа елдердің жанкүйерлерін тәнті етті. Сонымен қатар, Димаш қытайдағы көптеген музкалық марапаттауларды жеңіп алды.

 

Бүгін, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
Бүгін, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды