jasqazaq.kz

Дариға Назарбаева: Әр әкімнің тікұшағы болуы тиіс

27 желтоқсан 2017, 18:30

Сенатор Дариға Назарбаева Қазақстанда әр әкімнің тікұшағы болуы тиіс деп болжады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазір біз міне Eurocopter өндірісінде қонақтамыз. Ары қарай да оның дамуын көрсету керек, себебі қазақстандықтар осы тікұшақтардың қаншалықты пайдалы екендігінен толық қанды мәліметті хабардар емес болуы мүмкін. Санитарлық авиация дамуы тиіс. Әр әкімнің осындай тікұшағы болуы тиіс, әсіресе ауылшаруашылық қожалықпен айналысатындар үшін. 500 шақырым жерді көлікпен аралап шығу өте қиын. Ал тікұшақпен екі-үш сағат ұшып, барлығын көруге болады. Бұл жұмысты жеңілдетер еді. Ал үлкен қалаларды, кептелістің салдарынан жолда тұрып қалып жататын кездер де болады», — деді Дариға Назарбаева «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС зауытына барған сапарында. «Шетелдік үлкен қалаларда аэротакси қызметі бар және бұл өте тиімді. Осы орайда болашақта біздің экономикамыз осыны көтере алатынын болжауға болады. Осындай өндірісті біз қолдап, дамытуымыз қажет», — деді депутат. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің сайтында «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС ТМД аумағындағы елдерде ЕС145 тікұшақтарын құрастыру және қызмет көрсететін жалғыз зауыт екені жазылған. Жобаның 50 пайызы «Қазақстан инжинирг» ҰҚ» АҚ-ға тиесілі, ал қалған жартысы Airbus Helicopters концернінің меншігінде.

19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты