jasqazaq.kz

Бекболат Тiлеухан: Ұлттық дәстүрге қарсы үгiттейтiн ақпаратқа тыйым салу керек

27 желтоқсан 2017, 12:54

Отбасы институтын жоққа шығаратын және ұлттық дәстүрлерге қарсы үгiттейтiн ақпараттар балаларға зиянды деп танылған. Бұл туралы Парламенттiң төменгi палатасының отырысында Мәжiлiс депутаты Бекболат Тiлеухан айтты, деп хабарлайды Baq.kz .

Бүгiнгi отырыста мәжiлiсмендер «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигiзетiн ақпараттан қорғау туралы» ҚР Заң жобасын мақұлдады.

«Бұл заң БАҚ және басқа да құралдар арқылы таратылатын залалды ақпараттан балаларды қорғауға арналған. Әлем елдерiнiң бiр-бiрiне ашықтығы, телекоммуникациялық желiлердiң барынша дамуы, ақпарат алмасудағы мүмкiндiктердiң молаюы, жалпы заманның өзгеруi қоғамды рухани кеңiстiктiң тазалығы туралы ойландыратын жағдайға жеткiздi. Заң жобасында осы саладағы әлемдiк тәжiрибе Қазақстандағы ақпараттық ахуалға сәйкестiндiрiлген және елдегi заң айналымында жоқ кейбiр құқықтық ұғымдар енгiзiлiп отыр», — дедi заң жобасын таныстырған Бекболат Тiлеухан.

Депутаттың айтуынша, ең алдымен, белгiлi бiр жас топтарындағы балалар арасында қандай ақпараттық өнiмге тыйым салынатындығы және шек қойылатындығы айқындалды.

«Заң жобасы бойынша қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа құрылған, балалардың өмiрiне қатер төндiретiн iс-әрекетке, сондай-ақ, суицидке итермелейтiн, порнографиялық және арнайы сексуалды-эротикалық сипаттар мен көрiнiстердi қамтитын ақпараттық өнiмдерге тыйым салу қарастырылып отыр. Әсiресе, бiздiң елде суицид мәселесiн қатты ойлану керек. Мұнымен бiрге, отбасы институтын жоққа шығаратын және ұлттық дәстүрлерге қарсы үгiттейтiн ақпараттар да балаларға зиянды деп танылған. Телеарналар осындай ақпараттық өнiмдi сәйкестендерiлген таңбамен белгілеп қана эфирге таратуы тиiс. Керiсiнше жағдайда оларға заңмен шара қолданылады», — дедi Тiлеухан.

Бүгін, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
Бүгін, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды