jasqazaq.kz

«Барселона» сырт алаңда «Реал Мадридті» ойсырата жеңді

24 желтоқсан 2017, 10:29

Футболдан Испания чемпионатының 17-туры аясындағы «Реал Мадрид» командасы өз алаңында «Барселонаны» қабылдап, оңбай жеңілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойынның бірінші таймында гол соғылмады. «Барселонадан» 1 ойын аз өткізіп, 11 ұпай артта келе жатқан алаң иелері ойын басынан-ақ шабуылға лап қойды. Бірақ жоспарлы шабуылдарды жүзеге асырудың сәті түсе қоймады. Ал қонақтар, керісінше, қорғана жүріп қолайлы сәтті аңдып отырды. Дәл сол қолайлы сәт 54-минутта келді. Қорғаныс шебінен доп алған Ракитич алаңның жартысын артта қалдырып, командаластарына нәтижелі шабуыл ұйымдастырып берді. Айып алаңының оң жақ төбесінен жарып кірген Серхи Роберто сол жақтан жалғыз ашылып келген Суареске дер кезінде доп беріп үлгерді. Ал уругвайлық форвард қақпашы Кейлор Навасқа ешқандай мүмкіндік қалдырмады, есеп — 0:1. Араға он минут салып барселоналықтардың кезекті жоспарлы шабуылына «Реалдың» қорғанысы дайын болмай шықты. Ашық қақпаға бара жатқан допты алаң иелерінің оң қанаттағы қорғаушысы Даниэль Карвахаль қолымен қайтаруға мәжбүр болды. Іс жүзінде ойынның тағдыры осы жерде шешілді. Ережені өрескел бұзған Латераль тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Ал пенальтиді Лионель Месси қатесіз орындап, есепті еселеді. Шарасыз жағдайда қалған бапкер Зинедин Зидан қорғаныс шебіндегі саңылауды жабу үшін шабуылшы Кәрім Бенземаның орнына қорғаушы Начоны алаңға шығарды. 72-минутта Ковачич пен Каземироның орнына Бейл мен Асенсио ойынға қосылды. Бірақ бұл ойынға өзгеріс әкеле алмады. Орталық шептегі ойыншылардың кетуі «Барселонаның» толық үстемдік етуіне жол ашты. Оның үстіне қосымша үш минуттың соңында қонақтар үшінші голды соғып, «Реал Мадридтің» жеңілгенін ресми түрде «жариялады».

Бүгін, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
Бүгін, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды